Logo
АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ
КРУПНЕЙШАЯ РЕГИОНАЛЬНАЯ ЭНЕРГОПЕРЕДАЮЩАЯ КОМПАНИЯ
Входит в холдинг АО Самрук-Энерго

 

Приглашение к сотрудничеству

 

    Ардагер Кистаубаев Сатылган Джумадылович 1929 жылы 12 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.Сұрапыл соғыс жылдары ешбір отбасын айналып өтпеді. Сатылған ата үйдің үлкені болды, отбасына, артынан ерген інісі мен екі қарындасына қарайласу үшін еңбекке ерте араласты. Өзінің айтуы бойынша, соғыс жылдары небары 12 жасында «Бутаковка» совхозында бақшашы болып жұмыс істеуді бастаған. Осыбір уақыт жадында жақсы сақталса керек: «...Біз соғыс жылдары колхозда, совхозда жұмыс істедік. Мен бақшада алма отырғыздым. Агрономның жұмыстарын атқардық. Төрт  түрлі алма сорты болды. Жаңа алма сорттарын алып келеді. Кішкентай бұтақтарын бізге береді, оны суға салып қоямыз. 3 айдай сол суда тұрады. Оны қалай дұрыс егуді, күтуді білу керек болды. Үлкен-үлкен алмалар жинап алатын едік. Апорт, лимонка сияқты сорттар болды. Алманы жинап тиеп жіберетінбіз. Қысқы уақытқа сақтайтын...», - деп еске алды.

            Соғыс аяқталғаннан кейін, 1950 жылы 21 жасында әскерге шақырту алады. 1953 жылы әскерден оралып, Алматы облысының ІІДБ Милиция Басқармасына жұмысқа орналасады. Ол жерден отбасылық жағдайына байланысты жұмыстан кетіп, кейіннен Алматы қаласының №2 Автобаза басқармасында автотранспорт  жүргізуші болып жұмыс істеген. Көптеген жылдар бойы Алматы қаласы мен облысындағы әртүрлі совхоздар мен колхоздарда автотранспорт жүргізушісі жұмыстарын атқарған. Іле автобазасында екінші сатылы жүргізуші болған. 1969 жылы 40 жасында Алматы №5 Аудандық электр тарату тораптарына  электрмонтер-жүргізуші қызметін бастаған. 1974 жылдан бастап №5 Аудандық электр тораптарының арнайы қызмет көлігінің жүргізушісі болып ауысады. Осы қызметтен 1989 жылға дейін істеп, зейнеткерлік демалысына шыққан. Зейнетке шыққаннан кейін де әртүрлі жұмыстар істеген.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында ұлы екеуі тұрып келеді. Соңғы 3 жылда жамбас сүйегін сындырып алғанына байланысты жүруден қиындық көруде. «Кәрілік жеңеді екен бәрін, күннен-күнге қимылдауым, тамақ ішуім қиын болып барады», - деп сөзін аяқтады. satylgan1

Сатылган атамыз  келгенімізге қуанғанын жасырмай, өсіңдер, өніңдер, көбейіңдер. Қазақтар саны бойынша бірінші орынға шықсын деп ақ батасын берді. satylgan2

Марапатталуы:

  1. «Ударник уборки Х Целинного урожая» төсбелгісімен марапатталған және алғыс жарияланған.
  2. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
  3. «Энергетик күні» қарсаңында кәсіпорынның Құрмет тақтасына енгізілген.
  4. «Ұлы октябрь» мерекесіне орай марапатталған.
  5. 50 лет Победы в Великой Отечественной войне в 1941-1945 гг.
  6. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл;
  7. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл;
  8. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл;