Күшіміз бірлікте!!!

Көктем келісімен күннің күрт жылып, қардың еруіне байланысты еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны орын алды. «Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады» - деп президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай бұл өте күрделі жағдай.

Су тасқыны салдарынан еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Ел басына күн туған заманда, қарғын сумен арпалысып жатқан халқымызға біз де көмек қолын созбай отыра алмадық.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлының бастамасымен арнайы жиын өткізіліп, компания жұмысшылары ерікті бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылдап, 29,4 млн теңге қаражат жинады. Қайырымдылық көмек «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есепшотына аударылды.

Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әрекет ету өте маңызды деп білеміз!