Энергетиктер күніне орай, “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ осы салада жылдар бойы қызмет етіп, бүгінде зейнеткер жасқа жеткен ардагерлерді кәсіби мереке - энергетиктер күнімен құттықтады

Аталмыш іс-шарада барлық еңбек ардагерлері “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды. Жиынның қадірлі қонақтары Басқарма Төрағасына және компания ұжымына өз баталарын беріп, жылы лебіздерін білдірді.

Осы орайда, барлық энергетика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілегіміз келеді!