«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Наурыз мейрамын атап өтті

Биылдан бастап 14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі жарияланған еді. Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттер, яғни шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықты ашуға бағытталды. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналып, терең мазмұн-мәнге ие болды.

Наурыз – туыстық байланыстарды сақтауға және қадірлеуге үндейтін отбасылық мереке.

Бұл – әрбірімізге жақын әрі бәрімізді біріктіретін құндылықтар. Сондай құндылықтарымыздың бірі ұлттық киіміміз. Он күндік аясында компанияның барлық жұмысшысы ұлттық киімізді дәріптеп, ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық бас киімдерді киіп, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағу арқылы тарихымызды жаңғыртуға өз үлестерін қосып, салтымыз бен дәстүрімізге деген құрметтерін білдірді.