Бүгін, Елімізде аталып өтіп жатқан Наурызнама он күндігінің соңғы күні, 23 наурыз –Тазару күні

Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Бұл мерекенің мәні – қыстан көктемге көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы.

Тазару күніне орай, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ сенбілік өткізді. Сенбілікке облыстық Есік ЭТА, Қарасай ЭТА, Жамбыл ЭТА жұмыскерлері белсенді қатысып, ауладағы қоқыстарды тазартса, Өтеген Батыр ЭТА ағаш көшеттерін отырғызды.