Сәуірдің 8-інен бастап қаламызда “Алматы - біздің ортақ үйіміз” науқаны өтіп жатыр

Науқан осы жылғы мамырдың 8-іне дейін жалғасады. Мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылықтарды қалыптастыру, халықты азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Осы кезеңде қаланың барлық ауданында түрлі шығармашылық және экологиялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ да бұл шарадан тыс қалмады. Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы ұжыммен бірге көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Қазақта «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналық сөз бар. Сол қанатты қағиданы қаперге алған Абай Ноғайұлы өз қолымен мекеме ауласына ағаш отырғызды. Сондай-ақ, қалада бастау алған акция барлық электр тораптар ауданында жалғасын тапты.