Адам – табиғаттың төл перзенті

Халқымыз көктем келісімен ауласын тазалап, ағаш отырғызып, үйінің айналасына гүл еккен.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» деп аталатын бес апталық экологиялық акция басталған болатын.

Акцияға «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жұмыскерлері де өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарына белсене қатысты.

Республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету мақсатында «Алатау

Жарық Компаниясы» АҚ Балқаш электр тораптар ауданы мен Жамбыл электр тораптары ауданының қызметкерлері аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, арықтарды тазалап, ағаш және сәндік көшеттерді отырғызды.