Электрмен жабдықтау желілеріне қосу

infografica

Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдар құрамында емес тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін шектеу актісінің көшірмесі;
2) Энергия беруші (энергия өндіруші ) ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;
3) Мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
4) Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
5) Ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін);
6) Техникалық шарттардың көшірмесі;
7) Банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың№) –тек заңды тұлғаларға беріледі