Электрмен жабдықтау желілеріне қосу

infografica

Тұтынушылардың электр қондырғыларын «АЖК» АҚ электр желілеріне қосу кезіндегі іс-әрекеттер тәртібі

1. Белгіленген үлгіге сәйкес техникалық шарттарға өтініш беру:
- «АЖК» АҚ техникалық шарттар басқармасының кеңсесі арқылы (Алматы қ. Розыбакиев көш., 6 немесе ЭТА орналасқан мекенжай бойынша);
- интернет - портал (www.azhk.kz)арқылы
Жаңадан пайдалануға берілген немесе қайта құрылған электр қондырғыларды қосу үшін техникалық шарттарды алу (тараптардың теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін бөлу актісі үлгісімен) 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
2. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау (тұтынушы Құрылыс-монтаждау ұйымын өзі таңдайды)
3. «АЖК» АҚ сайтында техникалық шарттардың орындалғаны және электр қондырғыларына кернеуді беруге дайын екендігі туралы хабарлама беру, электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтінішпен және құжаттар пакетімен бірге «АЖК» АҚ сайты» (құрылыс-монтаждау ұйымының өкілі (заңды тұлғалар үшін) немесе тұтынушы (жеке тұлғалар үшін) береді).
«АЖК» АҚ
- хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылымға орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексеруді жүргізеді;
- хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеуді беруді жүргізеді (егер ескертулер болмаса), электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбайды, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді.
- электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін шығарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға жібереді).

«АЖК» АҚ-да электрмен жабдықтау жобасын келісу,
сараптамалық қорытынды және техникалық есеп,
ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ.