Электрмен жабдықтау желілеріне қосу

infografica

Техникалық шарттарды алуға өтініш беру рәсімі бойынша жалпы ақпарат

Жалпы ережелер
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды алу үшін өтініштерді қабылдау және қарастыру рәсімдері 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI ҚР табиғи монополиялар туралы Заңымен, Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларымен (ҰЭМ 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығы, бұдан әрі – Ережелер) және Электр энергиясын пайдалану Ережелерімен (ЭМ 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығы) реттеледі.
Техникалық шарттар тұтынушымен сұратылады және энергия беруші ұйым келесі жағдайларда береді:
1) жаңадан пайдалануға берілген немесе қайта құрылған электр қондырғыларды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне қосу;
2) тұтынылған электр энергиясының қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда көрсетілген қуаттан артуы;
3) сыртқы электрмен жабдықтау сызбасындағы өзгерістер;
4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарының электрмен жабдықтау сенімділігі санатындағы өзгерістер.
Техникалық шарттарды алуға болатын мерзімі қуатына қарамастан 5 жұмыс күні

Жеке тұлғалар:
Тұрмыстық тұтынушыларды «АЖК» АҚ электр желілеріне қосу техникалық шарттарды алу негізінде жүргізіледі. Тұрмыстық тұтынушылардың техникалық шарттарды алуы үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Белгіленген үлгідегі өтініш
azhk.kz сайтында жүктеуге болады.
2. Жеке куәлік көшірмесі.
3. Меншік иесінің объектінің меншігіне құқығын растайтын құжаттар: сатып алу-сату шартының, жер телімін бөлу туралы мемлекеттік акттің, қабылдау-тапсыру актісінің, Әкімнің шешімінің көшірмелері. Меншік құқығы белгіленген тәртіппен тіркелуі керек (тіркеу туралы хабарлама немесе тіркеуші органның мөрі болуы керек, «Меншік иесі туралы ақпарат» анықтамасын қоса беруге болады).
4. Нысанның жерге орналастырылған ситуациялық жоспары (өз бетінше орындалады),  http://ptu.azhk.kz/login.html сайтындағы жеке кабинет арқылы өтініш беру кезінде - Яндекс-карталарда көрсетіледі.
5. Өз бетінше немесе сараптамалық ұйымның көмегімен жүзеге асырылатын мәлімделген электр қуатын есептеп-негіздеу.

Өтініш берген кезде және техникалық шарттар алған кезде, үшінші тұлғалар қосымша сенім жүктелген тұлғаға сенімхаттың және жеке куәлігінің көшірмесін қоса беруі қажет.
Қуаты 5 кВт-қа дейінгі электр жабдықтарды (тұрғын үйлер мен жеке қосалқы щаруашылықтар) қосу үшін техникалық шарттарды тұтынушы тұрғылықты жері бойынша ЭТА-да қабылдайды, сондай-ақ, электронды цифрлық қолтаңбасы бар болса, интернет арқылы  www.azhk.kz сайтында «Техникалық шарттар алу» бөлімінде өтініштер беріп, техникалық шарттар алуға болады.
ЭТА туралы ақпаратты «АЖК» АҚ сайтында мұнда көре аласыз.
Қуаты 5 кВт-тан астам объектілерді электр желілеріне қосуға техникалық шарттарды алу. «АЖК» АҚ Техникалық шарттар басқармасында, Розыбакиев көш. 6. мекенжайы бойынша алады (байланыс телефондары: + 7 (727) 376-16-50, 376-16-51, 376-16-11), сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болса интернет арқылы http://ptu.azhk.kz/login.html. сайтында жеке кабинеттен өтініштер беріп, техникалық шарттар алуға болады. Техникалық шарттар алу үшін төлем алынбайды.

Заңды тұлғалар:
 Техникалық шарттарды тұтынушының жазбаша өтініші бойынша «АЖК» энергия беруші ұйымы береді. Тұтынушылардың техникалық шарттарды алуы үшін қажетті құжаттар тізімі:
1. Белгіленген үлгідегі өтініш мұнда көре аласыз.
2. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, жауапты тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.
3. Меншік иесінің объектінің меншігіне құқығын растайтын құжаттар: сатып алу-сату шартының, жер телімін бөлу туралы мемлекеттік акттің, қабылдау-тапсыру актісінің, Әкімнің шешімінің көшірмелері. Меншік құқығы белгіленген тәртіппен тіркелуі керек (тіркеу туралы хабарлама немесе тіркеуші органның мөрі болуы керек, «Меншік иесі туралы ақпарат» анықтамасын қоса беруге болады).
4. Нысанның жерге орналастырылған ситуациялық жоспары (өз бетінше орындалады), http://ptu.azhk.kz/login.html сайтындағы жеке кабинет арқылы өтініш беру кезінде - Яндекс-карталарда көрсетіледі.
5. Өз бетінше немесе сараптамалық ұйымның көмегімен жүзеге асырылатын мәлімделген электр қуатын есептеп-негіздеу.

Өтініш берген кезде және техникалық шарттар алған кезде, үшінші тұлғалар қосымша сенім жүктелген тұлғаға сенімхаттың және жеке куәлігінің көшірмесін қоса беруі қажет.
Белгіленген қуаты 5 МВт немесе одан жоғарыға өтініш берген кезде қосымша, Электр энергиясын пайдалану Ережелерінің №3 Қосымшасына сәйкес келетін «Нысанның сыртқы электрмен жабдықтау сызбасын» қосымша беруі қажет (ЭМ 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығы).
Электр желілерге қосуға техникалық шарттарды «АЖК» АҚ Техникалық шарттар басқармасында, Розыбакиев көш. 6. мекенжайы бойынша алады (байланыс телефондары: + 7 (727) 376-16-50, 376-16-51, 376-16-11), сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңбасы бар болса интернет арқылы  www.azhk.kz сайтында «Техникалық шарттар алу» бөлімінде өтініштер беріп, техникалық шарттар алуға болады. Техникалық шарттар алу үшін төлем алынбайды.