«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Бастауыш ардагерлер ұйымы

«АЖК» АҚ-да Бастауыш ардагерлер ұйымы (БАҰ) 2019 жылы 17 сәуірде «АЖК» АҚ акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Үмбетов Мұхит Әбікеұлының төрағалығымен өткен құрылтай жиналысымен құрылған болатын.
БАҰ Бастауыш ардагерлер ұйымы туралы қағидаларға сәйкес жұмыс істейді.
БАҰ басшылық органы құрамында 7 адам бар Ардагерлер кеңесі болып табылады: Абдигулов Б.Т., Аккулиев Б.О., Жаржанова Л.А., Ким Г.В., Кубегенов М.Е., Кужалиев Ж.Г., Федоров А.А.

Ардагерлер кеңесінің кезектен тыс отырысында Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы болып Кубегенов Мадияр Ералиевич, хатшысы Л.А.Жаржанова болып сайланды.

БАҰ мақсаты мен міндеттері бастауыш ардагерлер ұйымы туралы қағидаларда анықталған, атап айтқанда:
• ардагерлердің лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, олардың қоғамдық өмірге қатысуын қамтамасыз ету, ардагерлердің (зейнеткерлердің) құқықтары мен бостандықтарын қорғау);
• материалдық және тұрғын үй жағдайларын, мәдени-тұрмыстық, медициналық және басқа да ардагерлерге қызмет көрсету түрлерін жақсарту;
• оқу орындарында, ұжымдарда, аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбек даңқы дәстүрлері, ата-бабаларымыздың үздік халықтық дәстүрлері бойынша жастардың тәрбие жұмыстарына ардагерлердің қатысуы,. Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін тәрбиелеу;
• мұражайларды, ескерткіштер мен мемориалдарды құру және сақтау арқылы Отан қорғаушыларды мәңгі есте қалдыру;
• ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бойынша жұмысқа қатысу.

Байланыс:

Тлеубаев Толеугали Алькеевич

Басқарма Төрағасының ардагерлер мәселелері жөніндегі Кеңесшісі

Тел.: +7 727 300-06-54

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.