Біздің тәсіліміз

Тұрақты даму

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ - Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық компаниялардың бірі болып табылатындықтан, біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсеріміздің маңыздылығын мойындаймыз. Біз тұрақты даму қағидаларын басшылыққа аламыз және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу кезінде ойластырылған және ұтымды тәсілді қолданамыз.
Тұрақты даму тұжырымдамасы ұйымның оның ұзақ мерзімде тұрақтылығына зиян келтірместен мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып,стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.
Тұрақты даму саласындағы қағидаттар мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтеу, адам құқықтарын құрметтеу, ашықтық, есеп беру, айқындық, заңдылық, этикалық мінез-құлық, жеке үлгі, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мүдделер қақтығысына жол бермеу, жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және басқалар болып табылады. Қағидаттардың неғұрлым толық ашылуы Компанияның Корпоративтік басқару кодексінде көрсетілген.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тұрақты даму саласындағы бастамалар жоспары
«Самұрық-Энерго» АҚ тұрақты даму саласындағы басшылық