Ажыратулар кестесі

Сіздерге  апта сайын қалалық және облыстық ЭЖЖ-ның нақты учаскелерінде электр энергиясының ажыратылуымен, сондай-ақ аталған аудандарда электр энергиясын ажырату міндетті емес, жоспарлы жөндеу жұмыстарының кестесі жарияланатыны туралы хабарлаймыз.

Басқаша айтқанда, үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және оның сапасын жақсарту мақсатында жүргізілетін осы жұмыстар кезінде, егер нақты бір учаскенің тұтынушыларын басқа қуат көзіне ауыстыру мүмкіндігі болмаса, объектілерді электр энергиясынан ажырату тек ерекше жағдайларда қысқа мерзімге ғана жүзеге асырылады.

Электр желілеріндегі жоспарлы жөндеу жұмыстарын:  сымдарды бөгде заттардан тазарту, оларды ішінара ауыстыру және т.б. кіреді, оларды «Алатау Жарықкомпаниясы» АҚ бригадалары, әдетте, 1,5-2 сағаттан аспайтын уақытта орындайды.

Жөндеу жұмыстарының кестелері апта сайын сайтта нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орналастырылады.

Электрмен жабдықтауға байланысты барлық мәселелер бойынша сіздер Байланыс орталығына тәулік бойы, көп арналы телефондар арқылы хабарласа аласыз: 356-99-99 және 399-99-00.

Анықтама үшін:
Апаттық жөндеу - электр желілердегі апаттар мен зақымдарды жою қажеттілігіне байланысты жоспардан тыс жөндеу. (электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін апатты жоспардан тыс, жедел жою жою)

Күрделі жөндеу – жабдықтың ресурсының жарамдылығын қалпына келтіру үшін және толық немесе толыққа жуық қалпына келтіру үшін негізгі бөлшектерімен қоса кез-келген бөлшектерді ауыстырумен немесе қалпына келтірумен орындалатын жоспарланған жөндеу.

Ағымдағы жөндеу - бұл жабдықтың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін анықталған ақауларды жою және жұмыс жасайтын жабдықта мүмкін болмайтын жағдайларды жою үшін орындалатын жоспарлы жөндеу. (жұмыс уақытында жұмыс кестесі бойынша жүргізіледі).