Биылғы жыл компания үшін жақсы жаңалықпен басталды

Биылғы жыл компания үшін жақсы жаңалықпен басталып, Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлы қалалық және облыстық электр желілерін тарату басқармалары мен механизация және көлік басқармасына 65 жаңа көлік пен арнайы техникалырдың кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Компания автопаркі бригадалық фургондар, аэроплатформалар, самосвалдар, эвакуаторлар, автокрандар мен манупуляторлар және жер қазатын тракторлар түріндегі мамандандырылған көліктерімен толықты.

«Қазіргі қолданыста жүрген ескірген автокөліктерімізді жаңарту жұмысына көңіл бөлінбегені анық. Автопаркіміздің ескіргені салдарынан көп жұмыстарымыз уақытылы аяқталмай, шегеріліп келді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін былтыр күрделі жұмыстар атқарылып, нәтижесінде жаңа арнайы техникаларға қол жеткіздік. Барлық көліктер облыстық және қалалық электр тарату аймақтарына беріледі. Бұл техникалар күштеріңіз бен уақыттарыңызды үнемдеуге септігін тигізіп, электр желілеріндегі жаңарту мен жөндеу жұмыстарын уақытылы және сапалы аяқтауға жәрдемдеседі деп білемін. Көліктеріміз сынбай, ел игілігіне қызмет атқарсын»,- деп салтанатты шарады Басқарма Төрағасы Абай Ноғайұлы ізгі тілегін білдірді.

Қолданыста жүрген ескірген көліктер мен техникаларды жаңарту компания жұмысшыларының жағдайын жақсартуға, сапалы әрі заманауи техникалармен жабдықталған жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың бастамасы болмақ. Себебі, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ автопарк көліктерін жаңғырту жұмыстарын жалғастырмақ.