АТА-АНАЛАР, МҰҒАЛІМДЕР, ТӘРБИЕШІЛЕР НАЗАРЫНА!

Демалыс басталысымен балаларда көп бос уақыт пайда болады. Осы уақытта, өкінішке орай, балалардың жарақаттануы да, соның ішінде электр тоғымен зақымдануда да жиілеп кетеді.

Тұрғын аудандар, мектептер, балабақшалар аумақтарында балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін трансформаторлық қосалқы стансалар (ТҚС) немесе бөлу пункттері (БП) бар.

ТҚС және БП есіктері арнайы құлыптармен жабылғанына қарамастан, оларды көбінесе түрлі-түсті сынықтарды ұрлау мақсатында немесе бұзақылық ниетпен бөтен адамдар бұзу жағдайлары орын алады. Халықтың көмегінсіз қызмет көрсететін персоналдың бұзылғандарды дер кезінде анықтауы өте қиын.

Балалардың электр жарақатын болдырмау үшін электр қондырғыларының сынған құлпы, ашық есіктері және үзілген сымдар туралы электр тораптардың диспетчерлік пункттеріне дер кезінде хабарлауды сұраймыз, олардың байланыс нөмірлері электр қондырғылардың есіктерінде көрсетілген. Электр қондырғылардың аумағында ойнаған балаларды байқаған жағдайда, оларды қауіпті аймақтан шығару бойынша шұғыл шараларды қабылдау қажет.

Бұдан басқа, балаларды электр тоғымен зақымдану қаупі туралы хабардар етуді, оларға қауіпсіздік белгілерін ескертетін және тыйым салатын белгілерді көрсетуді, олардың маңызын түсіндіруді сұраймыз.

Балаларға келесі әрекеттерге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАТЫНЫН түсіндіру қажет:

  • электр қондырғыларға ену, электр шкафтарының, жинақтардың, қалқандардың есіктерін ашу;
  • электр беру желілерінің астында ойнау, ойнау үшін кернеуде түрған электр қондырғылар мен жабдықтарға жақын орынды пайдалану;
  • электр берудің әуе желілерінің тіректеріне шығу, тіректердегі оқшаулағыштарды бұзу;
  • 8-10 метрден жақын қашықтықтағы жердегі үзілген, салбырап түрған немесе жатқан сымға жақындау;
  • сымдарға ағаштар, баспалдақтар, үйлердің шатырлары және құрылыстар арқылы 1,5 метрден жақын қашықтыққа жақындау;
  • электр жеткізудің әуе желілерінің сымдарына бөгде заттарды лақтыру, олардың жанында шарларды ұшыруға;
  • электр жеткізудің әуе желілері тіректерінің астында от жағуға (құрғақ шөп, жапырақтар, қамыс жағу);
  • ересектердің рұқсатынсыз электр құралдарын пайдалануға, электр құралдарын бөлшектеуге;
  • электр құралдарының сымдарын дымқыл қолмен ұстауға, сымнан тартуға, розеткаға бөгде заттарды салуға.

Есіңізде болсын! Электр жарақаттары өзінің салдары бойынша аса қауіпті болып табылады және басқа жарақаттартарға қарағанда өлімге және ауыр жағдайларға әкеп соқтырады. Электр қуаты бізге жақсы дос және көмекші бола тұра, оған ұқыпсыз қарым-қатынас жасаған кезде жауға айналуы және ақталмайтын қайғылы оқиғаның себебі болуы мүмкін.