«АЖК» АҚ 35кВ және одан жоғары ҚС-ны пайдалану және жөндеу жөніндегі электр монтерлер арасындағы кәсіби конкурстың қорытындысы туралы анықтама

Персоналдың біліктілігін арттыру, 35кВ және одан жоғары ҚС жабдықтарын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету кезінде пайдалану деңгейін арттыру және жарақаттануды азайту, оқу-жаттығу полигоны жағдайында жұмыстарды орындаудың заманауи әдістері мен тәсілдерін көрсету, озық тәжірибемен алмасу, персоналдың біліктілігін тексеру және біліктілік деңгейлерін арттыру, ең үздік бригадаларды анықтау мақсатында,  Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылында орналасқан «Бәйтерек» 59У-ҚС оқу-жаттығу полигонында 2023 жылғы 17 мамыр мен 19 мамыр аралығында ҚТҚ, ТПҚ, ӨҚҚ және басқа да  нормативтік-техникалық құжаттар талаптарын қатаң сақтай отырып, 35кВ және одан жоғары ҚС-ны пайдалану және жөндеу жөніндегі электр монтерлерінің арасында кәсіби жарыс өтті.   

Кәсіби жарыс қорытындысы бойынша үздік бригадалар анықталды:

1- орын: «АЖК» АҚ Талғар ЭТА;

2-орын: «АЖК» АҚ Қосалқы станция басқармасы;

3- орын: «АЖК» АҚ Жамбыл ЭТА.

Бригадалар Құрмет грамоталарымен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ жарыстың қорытындысы бойынша:

Кезеңдер бойынша үздік төрешілер:

Надиров А.Т.- Диагностика басқармасының  топ жетекшісі;

Шинибеков С.Ж. – ТЭТА-ның  еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі инспекторы;

Төрешілер  Құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Үздік шебер» атағы  №5 ҚС тобының шебері Д.Қ.Әбдраманға  берілді, Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды;

«Үздік электр монтері» атағы ЖЭТА электр монтері А.Е.Халиловқа берілді.  Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды;

«Жарыстың ардагері» жасы ең үлкен қатысушы ҚЭТА ҚС тобының жетекшісі  Р.Х.Лепесов  болып анықталды. Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды;

«Байқаудың ең жас қатысушысы» Қосалқы станса басқармасының электр монтері  Ж.М.Маханов болып анықталды.  Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды;

Жарысты өткізуге және дайындалуға  белсенді қатысқаны үшін  Есік ЭТА бас инженері Т.К.Тегенбаев, ЕЭТА ҚС тобының жетекшісі Е.Р.Рахметжанов, инженер –талдаушы С.Умирзакова  Құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.