Энергетиктер 8 наурыз мерекесін сән-салтанатпен қарсы алды

Бүгінде қоғамның қай саласында болмасын, ерлермен бірге иық тіресіп жүрген әйелдер аз емес. Солардың бірі энергетика саласының тізгінін ұстаған арулары.

Мереке қарсаңында "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мен «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ нәзік жанды арулардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсетіп, Құрмет Грамоталары мен Алғас хаттарын табыстады.

Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан аруларға Басқарма Төрағасы Абай Ноғайұлы шынайы ризашылық сезімін білдіре отырып, зор денсаулық, еңбектеріне табыс тіледі.