КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның ұжымы білікті басшы, ортаға сыйлы және беделді әріптес Тұртбаев Болатхан Қаипжанұлының қайтыс болуына байланысты отбасына, туғандарына қайғыра көңіл айтады.

Болатхан Қаипжанұлы 1985 жылы Алматы энергетика және байланыс Институтын тәмамдаған уақыттан бастап «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да жұмыс істеген. 40 жылға жуық еңбек жолын релелік қорғаныс және автоматика қызметінің инженері болып бастап, қазіргі уақытта «АЖК» АҚ Диагностика басқармасының меңгерушісі қызметін атқарған.

Енбек жолындағы елеулі табыстары үшін Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасы; «ТМД электр энергетикалық кеңесінің құрмет грамотасы»; «ҚР еңбек сіңірген энергетигі» және «ҚР Құрметті энергетигі» төсбелгісімен марапатталған. Бұл марапаттар Болатхан Қаипжанұлының энергетика саласын дамытуға қосқан қомақты үлесін мойындау болып табылады.

Көпжылдық жемісті қызметі, сүйікті жұмысына деген адалдығы, мінсіз беделі және әріптестерге деген достық қарым-қатынасының арқасында Болатхан Қаипжанұлы тәжірибелі тәлімгер ретінде жүрегімізде қалады.

Тұртбаев Болатхан Қаипжанұлының жатқан жері жәннәт, иманы саламат болып, пейіште нұры шалқысын!