Балалар мен олардың тәрбиешілері қонақтарды орталықпен таныстырып, өз өнерлерін көрсетті. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметі бірыңғай оператор – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асырылады. 2022 жылы портфельдік компаниялардың қолдауымен жалпы сомасы 10 миллиард теңгені құрайтын 43 әлеуметтік жоба жүзеге асты. Қордың басым бағыттарының ішінде инклюзия саласы ерекше орын алады. Осылайша дамуында ерекшеліктері бар балаларды қолдау мен оқыту үшін түрлі бағытта кешенді шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстағы серіктестердің бірі ретінде, «Мейірімділік» ерікті қоғамдық қорымен бірлесе, «Аутизмді жеңеміз», «Балаларға өмір сыйла» және «Жетімсіз Қазақстан» жобалары жүзеге асырылуда. Аталған жобалардың жалпы бюджеті шамамен 178 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы «Аутизм жеңеміз» орталығы аутизм спектрі бұзылған балалар өсіріп отырған отбасыларға кешенді көмек көрсетеді. Орталықта балалар оңалту саласының мамандарымен, логопедтермен және психологтармен араласқаннан тыс, музыкалық аспаптарда ойнауды игеріп, хореография мен вокал үйірмелеріне қатысады. Қазір орталықта 60 балаға жәрдем жасалып, олардың ата-аналарына психологиялық және басқа да кеңес беріледі. Бұл дегеніңіз, аутизм белгілері байқалған баламен қарым-қатынас жасау, күнделікті өмірге бейімдеу негіздері үйретіледі.

sdfvdsfvdsfv3wfv_2.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_1.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_5.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_4.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_3.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_10.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_9.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_8.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_7.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_6.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_12.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_11.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_15.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_14.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_13.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_16.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_20.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_19.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_18.jpg
sdfvdsfvdsfv3wfv_17.jpg