Агибаев Нурбек Куатбекович Қауіпсіздік басқармасының Күзет жөніндегі бас маманы.
«АЖК» АҚ-да Агибаев Н.К. 2018 жылдың ақпан айынан бастап Қауіпсіздік басқармасының күзет жөніндегі бас маманы лауазымында жұмыс істейді. Жұмыс барысында өзін адал және атқарушы қызметкер ретінде жақсы жағынан көрсетті. Объектілердің күзетілуін қамтамасыз ету бойынша жауапты болғандықтан, "АЖК" АҚ-ның мүлкі мен мүліктік мүдделерін ұрлаудан, тонаудан, бүлдіруден және басқа да қолайсыз әсерлерден қорғау бойынша барлық шараларды қабылдайды.
Алмалы ауданы ПБ жанындағы ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, мемлекеттік №А067 НС Toyota Hilux қызметтік автокөлігінен Аккумулятордың ұрлануы бойынша қылмысты ашты, ол 2020 жылдың 17 тамызында сағат 05:45-те болған және ұрлық жасады деген күдікті азамат Ким Кирилл Германович ұсталды. Аталған факті бойынша Алмалы аудандық ПБ жанында 17.08.2020 ж. № 2075200310011534 ЕРДР қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі). Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасын таңдау бойынша сот отырыстары өткізілуде. Осы ұрлықты жасады деп айыпталған азамат К.Г. Ким "АЖК" АҚ-ға келтірілген залалды өтеді.
Оның тікелей басшылығымен күзет мониторингіндегі объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзету жөніндегі жұмысты дұрыс және сауатты ұйымдастыруы нәтижесінде ұрлық әрекеттерінің алдын алу шаралары жүргізілді:
- 2020 жылғы 29 маусымда сағат 22:53-те №206 бөлу пунктінде (206-БП) күзет-өрт дабылы іске қосылғаннан кейін күзет компаниясының жедел әрекет ету тобы (ЖӘТ) экипажы Н.К.Агибаевтың жедел әрекеттерімен РП жабдығын ұрлау әрекетінің жолын кесті. Қаскүнем ғимараттың алдыңғы есігіндегі құлыптың ілмегін жұлып қана үлгерген, оны ұстап алу мүмкін болмады. "АЖК" АҚ-ға залал келтірілген жоқ, құлыпқа арналған ілмекті БП қызметі қалпына келтірді;
- 2020 жылғы 04 наурызда сағат 11: 03-те "Премьера" ТК 1-БП-да күзет дабылы іске қосылғаннан кейін, Н.К.Агибаев пен күзет компаниясы ЖӘТ экипажының жедел әрекеттері арқасында БП ұяшықтарындағы қорғау блоктарын ұрлау әрекеті тоқтатылды. Оларды ұстау мүмкін болмады, "АЖК" АҚ-ға залал келтірілген жоқ.
Уақытылы қабылданған шаралар нәтижесінде өрттің алды алынды:
- "Панфилов" 55И-ҚС-ға іргелес аумақта қураған ағаш жана бастаған. Оның "АЖК" АҚ объектілерін күзетуді жүзеге асыратын мердігер ұйымның күзетшісімен бірлесіп қабылдаған шараларының арқасында өрттің ҚС аумағына қарай ауысуына тікелей қауіп төндірген қураған ағаштың жану ошағы ауыздықталды және Талғар аудандық ТЖД Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін сөндірілді.
- 115-БП-да күзет компаниясының ЖӘТ экипажымен, 5-ЭТА ЖАБ бригадасымен бірлесіп, уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде кәбілдің түтіндеу себебі анықталды және жойылды (ендірмелік кәбілдердің әбден қызуы), бұл кез келген минутта тұтануға және өртке әкелуі мүмкін. Залал келтірілген жоқ;
- 232-БП-да күзет компаниясының ЖӘТ экипажымен, 1-ЭТА ЖАБ бригадасымен бірлесіп, уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде кәбілдің түтіндеу себебі анықталды және жойылды (ендірмелік кәбілдердің әбден қызуы), бұл кез келген минутта тұтануға және өртке әкелуі мүмкін. Залал келтірілген жоқ;
- 232-БП-да күзет компаниясының ЖӘТ-пен, 1-ЭТА ЖАБ бригадасымен бірлесіп, уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде түтін шығу себебі анықталып, жойылды. Түтіндеу аккумуляторлық батарея орнатылған жеке қажеттілік шкафында орын алған, ол кез келген минутта тұтануы және өртке әкелуі мүмкін еді. Залал келтірілген жоқ;
- 6-ОБП-да күзет компаниясының ЖӘТ-пен, Талғар ЭТА ЖАБ бригадасымен бірлесіп, уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде түтін шығу себебі анықталып, жойылды (жалғану түйіспелерінде қысқа тұйықталудан кәбілдік қызуы болған), нәтижесінде кәбіл кез-келген минутта тұтанып, өртке әкелуі мүмкін еді. Залал келтірілген жоқ;
- 111-БП-да күзет компаниясының ЖӘТ-пен, 2-ЭТА ЖАБ бригадасымен бірлесіп уақтылы қабылдаған шаралардың нәтижесінде түтіндеу себебі анықталды және жойылды (қосу түйіспелеріндегі қысқа тұйықталудың салдарынан шина көпірлері қызған), нәтижесінде шина көпірі жануы және еруі, кәбілдердің одан әрі тұтануы мүмкін еді, олар кез келген минутта жануға және өртке әкелуі мүмкін. Залал келтірілген жоқ;