Тусупжанова Динара Бауыржановна - Сенімділікті бақылау және еңбек қорғау басқармасының еңбек қорғау бөлімінің бас маманы өзінің еңбек жолын 2012 жылғы маусым айынан бастап СБжЕҚБ-да еңбек қорғау бөлімінің инженері лауазымынан бастаған. 2020 жылғы қараша айынан бастап СБжЕҚБ еңбек қорғау бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылған.
Д.Түсіпжанова жұмыс істеген кезеңінде өзін сауатты маман ретінде көрсете білді, өзіне қойылған өндірістік сипаттағы міндеттерді сенімді және белгіленген мерзімде шешеді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелеріне мұқият қарайды, жауапкершілік сезімі жоғары, жұмысқа қабілетті. Үнемі кәсіби деңгейін арттырып отырады.
Жұмыс мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттарды зерделейді, лауазымдық міндеттерін және басшылық жүктеген басқа да міндеттерді орындауға жауаптылықпен және байыпппен қарайды.
Біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, тағылымдамалар:
- 08.2012 ж., 25.11.2015 ж., 10.05.2018 ж. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша оқудан табысты өтті.
- 2012ж. 29-30 қарашада «Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы, «Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша оқыту үлгілері мен ережелері, «Кәсіпорында оқиғаларды тергеп-тексеру» ҚР Заңын іске асырудың өзекті мәселелері» тренинг.
- 6-7.08.2015ж. Қазақстан Медиация орталығында «Менеджерлер үшін медиативтік құзыреттер» курсы.
- 11.2019ж. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы.
- 12.2019ж. «Еңбек қорғау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы.
- 01.2020ж. «Заманауи жағдайларда тұрақты даму» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы.
- 09.2020ж. «Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкес «Еңбек қорғауды басқару және тәуекелдерді басқару жүйелерін әзірлеу және енгізу» бағдарламасы бойынша 72 сағаттық курс.
- 17-21 ақпан 2020ж. «RaVis» білім беру орталығында «Шешендік өнер және жұртшылық алдында сөйлеу».
- 2012, 2013, 2014, 2015, 2016 жж. «6-10-0,4кВ бөлу электр тораптарын қызметтеу және жөндеу жөніндегі жедел-жөндеу персоналының кәсіби жарысында», «35кВ және одан жоғары ҚС БҚ жабдықтарын жөндеу жөніндегі персоналдың кәсіби жарысында», 35кВ және одан жоғары ЭЖЖ-ны пайдалану және жөндеу жөніндегі электр монтерлер бригадаларының кәсіби жарысында» төрешілер алқасының құрамында болды.
- 2012-2015жж. «АЖК» АҚ персоналына «Гоша» робот-тренажерінде алғашқы көмек көрсету бойынша оқуды жүргізді.
Қауіпсіздік техникасы күнін өткізуге, "АЖК" АҚ құрылымдық бөлімшелерін кенеттен және кешенді тексеруге, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге тікелей қатысады. Мәселен, ағымдағы жылы электр энергиясын есептеу құралдарын пайдалану учаскелерінде, ЭЖЖ жабдықтарын жөндеу және пайдалану учаскелерінде, барлық ЭТА желілік учаскелерінде нұсқамалар мен нұсқаулар бере отырып, кенеттен тексерулер жүргізді, жұмыскерлерді жазалау және және көтермелеу туралы 27 қорытынды бұйрық шығарды, Covid-19 бойынша жадынама әзірледі.
Г.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің шақыруымен, 1, 2, 3, 4- курс студенттеріне еңбекті қорғау, өндірістік санитария, жеке қорғаныс құралдары, Еңбекті қорғау саласындағы НҚА пәндері бойынша дәріс оқыды.
Ол - компания үшін құнды кадр. Коронавирустық инфекция кезеңінде еңбекті қорғау бөлімінің үлкен жұмыс көлемін орындай отырып, қалыпты емес кесте бойынша жұмыс істеді.
Еңбек және атқарушылық тәртіпті бұзған кездері болған жоқ. Ұжымда лайықты беделге ие. Ашық, мейірімді. Өз жұмысына кәсіби тұрғыда қарайды.