Бақытқызы Динара, 1988 жылы туған, "Экономика және бизнес" мамандығы бойынша үздік экономикалық білімі бар. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-да еңбек жолын 2016 жылдың қазан айында Экономика басқармасының тариф белгілеу бөлімінің жетекші маманы болып бастады, 2017 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін жобалық қаржыландыру секторының жетекші маманы қызметін атқарады. Корпоративтік қаржыландыру басқармасында жұмыс істеген кезінде әлеуетті инвесторларды іздеумен, келіссөздер жүргізумен, хат жазысумен, "АЖК" АҚ инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында, кредиттік ұйымның инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарау туралы қолдаухат беру үшін ақпаратты жинаумен және өңдеумен, басқарма бастығының тапсырмасы бойынша өз өкілеттіктері шегінде "АЖК" АҚ басшылығы қол қоятын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулар және басқа директивалық құжаттар жобаларын дайындаумен, орындау үшін келіп түскен сұраулар мен құжаттарға жауаптарды уақтылы және сапалы ұсынумен және т. б. айналысты.
Жұмыс барысында өзін сауатты маман, ұжымда жұмыс істей алатын, жауапты, адал және тәртіпті қызметкер ретінде көрсетті, әріптестерінің құрметіне ие. Жақсы аналитикалық қабілеті бар. Талап етілетін жұмысты мерзімінде орындайды, "АЖК" АҚ мүддесі үшін жиі үстеме жұмыс істейді, бұл ұжымда өте жоғары бағаланады.
Еңбек тәртібін ешқашан бұзбаған, "АЖК" АҚ-да жұмыс істеген жылдары атқарған жұмысына қатысты жазалары, шағымдары мен ескертулері болған емес, корпоративтік этиканы сақтайды.
Өзінің еңбек міндеттеріне адал қарайды, "АЖК" АҚ мүдделерін қорғауда табандылық танытады, сауатты және негізделген шешімдер қабылдауға қабілетті, жігерлі, еңбекқор.
Біліктілікті арттыру сертификаттары бар:
2013ж. - клиенттерге қызмет көрсету сапасының стандарттары (тренинг)
2013ж. - іскерлік коммуникация дағдылары (тренинг).
ҚР-да енгізілген карантин кезеңінде қазынашылық бөлімі қызметкерлерінің қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігінің болмауына байланысты, барлық карантин уақытында жұмыс орнында болды.