Сахариянова Дана Ошановна компаниядағы еңбек жолын 1988 жылдан 1992 жылға дейін АПК жанындағы Күрті ауданының кезекші диспетчері болып бастап, 1992 жылдан 2000 жылға дейін Айдарлы ауылында №139А 110/35/10кВ-ҚС-да кезекші электр монтері, 200 жылдан бастап 2010 жылға дейін электр санауыштарды пайдалану жөніндегі монтер, ЖЭТА Күрті учаскесінің кассирі, 2010 жылдан 2015 жылға дейін ЖЭТА Күрті учаскесінде эл / энергияны босату жөніндегі шебер болып жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап ЖЭТА өндірістік-техникалық тобының инженері болып қызмет атқаруда.
Еңбек қызметінің барлық уақытында өзін жауапты қызметкер, өз ісінің нағыз маманы ретінде көрсете білді.
Өз мамандығы бойынша терең білімі бар, қызметтік мәселелерде өзінің кәсіби дағдылары мен тәжірибесін кеңінен пайдалана алады.
ЖЭТА бойынша жөндеу-пайдалану жұмыстарының жоспар-кестелерінің жобаларын және оларды орындау бойынша есептерді жасаумен, тұтынушылық электр қондырғыларды электрмен жабдықтауға арналған техникалық шарттар мен ұсынымдар жобаларын құрастырумен айналысады;
Кернеуі 110, 35, 10, 6, 0,4 кВ электр жеткізу желілерінің қолданыстағы схемаларын олардың жергілікті жерде нақты орналасуымен салыстырып тексеруді жүргізеді;
10,6/0,4кВ-ТҚС, 110/35/10кВ-ТҚС, кернеуі 110, 35, 10, 6, 0,4 кВ электр жеткізу желілерінің техникалық паспорттарын жүргізеді;
"МАНАТ" ПИК деректер базасына ақпаратты енгізу бойынша жұмысқа үлкен үлес қосты.
Ай сайын Өндірістік-техникалық топтың қызметіне байланысты құжаттарды (ЖЭТА "Doing BUSINESS" бойынша техникалық шарттарды орындау және жөндеу-пайдалану жұмыстарының жоспар-кестелерін және олардың орындалуы бойынша есептерді) уақтылы пысықтайды.
ЖЭТА бойынша күзгі-қысқы кезеңге әзірлік паспортын алу үшін құжаттарды уақтылы, сапалы және жедел жасап ұсынады.
01.10.2020 ж. бастап 25.11.2020 ж. дейін түгендеу жүргізу кезеңінде жасалатын құжаттармен жұмыс істеді.
Д.О.Сахариянова әріптестермен де, жұмыс барысында да тәртіпті, атқарушы және әдепті.
Еңбек тәртібі мен қауіпсіздік техникасын бұзған кездері болған жоқ.
Өндірістік мәселелерді шешуде үнемі жеке бастама көтеріп, кәсіби дағдыларды жетілдіруге тырысады.
Оған жұмысына жауапты, алдына қойған мақсаты бар адам деп мінездеме беруге болады, басталған жұмысты соңына дейін жеткізеді, ұқыпты, адал, еңбекқор және атқарушы. Тұрмыста, 3 баланың анасы. «Орта буын басшыларына арналған оқу-ақпараттық курс» (Жаңа нұсқа стандарттарының негізгі өзгерістері) (ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 жаңа нұсқалар стандарттарының негізгі өзгерістері және ISO 50001:2011, OHSAS 18001:2007 стандарттарына кіріспе) курсынан өткен, сондай-ақ "АЖК" АҚ-да өткізілген семинарларға, тренингтерге қатысушы. Жас мамандар арасында тәрбие және ақпараттық-оқыту жұмыстарын жүргізеді және кәсіби тәжірибесімен бөліседі, Жамбыл ЭТА қоғамдық өміріне белсенді қатысады, "Нұр Отан" партиясының мүшесі болып табылады.