Баймухаметова Адия Букенбаевна, 27.11.1962 жылы туған, білімі жоғары, 1986 жылы Алматы Энергетика институтын бітірген.
Атқаратын лауазымы: орталық релелік қорғау және автоматика қызметінің есептеу бөлімінің инженері.
Энергетика саласында 2004 жылдан бері жұмыс істейді, қазіргі лауазымын 2007 жылдан бері атқарып келе жатыр.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес ҚТЕ, ТПЕ, ӨҚЕ бойынша нұсқаулықтар жүргізу, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар жоспарын жасау және іс-шараларды орындау бойынша жұмыстарды жүргізеді. "АЖК" АҚ құрылымдық бөлімшелерімен, әртүрлі ұйымдармен РҚА бөлігінде хат алмасулар ісін жүргізеді, БМЖ процестерінің жұмысқа қабілетті күйде болуын қадағалайды, сондай-ақ РҚАБ-тың жұмыс уақытын есепке алу табелін жасайды.
Жұмыс барысында өзін адал, жауапты, атқарушы, оқып-үйренуге қабілетті белсенді қызметкер ретінде көрсетті. Техникалық құжаттаманы зерделеу және жасау кезінде мұқият, техникалық құжаттаманың жай-күйін тиісті деңгейде бақылайды және қолдайды. Өндірістік тапсырмаларды адал және жауапкершілікпен орындайды, көпшіл, әрқашан әріптестерімен практикалық тәжірибесімен бөліседі.
Ұжымда құрметке ие.