Землянский Сергей Георгиевич "АЖК" АҚ жедел - диспетчерлік басқармасының орталық диспетчерлік қызметінің бастығы лауазымында 2014 жылғы наурыздан бастап жұмыс істейді. 1994 жылдан бастап Алматы энергожүйесіндегі жұмыс тәжірибесі: АПЭС ЖДҚ ЖАБ кезекші электр монтері, АРЭК ЖДҚ диспетчері, АРЭК ЖДҚ бастығының орынбасары, АПК ЖДҚ диспетчері, "АЖК" АҚ ОДҚ аға диспетчері. Жұмыс барысында өзін жоғары білікті, талапшыл, жауапты маман және басшы ретінде көрсетті. Бірнеше рет бастама мен ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, электр желісіндегі технологиялық бұзушылықтарды жоюды дербес және сәтті басқарды. Апатқа қарсы жаттығуларды ұйымдастыруға және оныөткізуге, техникалық оқуға, ТПЕ, ӨҚБ, ТҚЕ бойынша емтихандарды қабылдауға қатыса отырып, өзінің білімі мен тәжірибесін диспетчерлер мен электр монтерлердің жас буынына үйретіп келеді. С.Г.Землянскийдің айрықша ерекшелігі - өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға аса жауапты қарауы, ұқыптылығы және тәртіпті қатаң сақтауы. Оның жедел – диспетчерлік басқару мәселелеріндегі білімі мен практикалық тәжірибесі кәсіби шеберлігін, сондай-ақ ұжымдағы беделін арттыруға деген ұмтылысымен ұштасып, оның одан әрі кәсіби өсуі бойынша перспективаларды жүктеуге мүмкіндік береді. С.Г.Землянский - компанияның ең сауатты және білімді инженерлерінің бірі. Оның бастамасының арқасында "АЖК" АҚ – да жедел-диспетчерлік басқару мәселелері бойынша көптеген инновациялық әдістер енгізілді. Алматы энергия жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, жоғары өндірістік жетістіктері, көп жылғы, адал және жемісті еңбегі үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталған. Землянский Сергей Георгиевичке ҚЭҚ Еңбек сіңірген энергетигі атағы берілді. Ұжымда лайықты бедел мен құрметке ие.