«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы ("АЖК "АҚ) Офицер комплаенсінің бос лауазымына орналасу үшін қызметкер іздестіруде.

Негізгі талаптар:

1) жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімі болуы тиіс;

2) энергетикада маманданған экономиканың нақты секторында және/немесе экономиканың нақты секторында белсенді ірі холдингтік компанияда және/немесе тау-кен өндіру немесе қайта өңдеу өнеркәсібінде және/немесе энергетикада және/ немесе машина жасауда және/немесе көлік-логикалық салада маманданған ірі компанияда инвестицияларды жүзеге асыратын ірі инвестициялық қорда 5 жылдан астам жұмыс тәжірибесі, оның ішінде комплаенс саласында (егер комплаенс функцияларын арнайы комплаенс қызметі болмаған кезде осындай бөлімшелер орындаса, ішкі бақылау, тәуекел-менеджмент, заңдық сүйемелдеу бөлімшелерін қоса алғанда) кемінде 3 жыл;

3) комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеудегі, сондай-ақ комплаенс-рәсімдер шеңберінде бизнес-процестер мониторингі бойынша іс-шаралар жүргізудегі, тергеп-тексерулер жүргізудегі, этика және комплаенс саласында есептілікті қалыптастырудағы, холдинг компанияларында корпоративтік мәдениетті құрудағы тәжірибесі мен дағдылары;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ақшаны жымқыру және терроризмді қаржыландыру мәселелері бойынша комплаенс саласындағы халықаралық практикалар мен стандарттарды, экстра-аумақтық юрисдикциясы бар шет мемлекеттердің халықаралық санкциялары мен санкцияларын қоса алғанда, жақсы білу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасын өте жақсы білу;

6) Қоғамның бизнес және коммерциялық қызметін жақсы түсіну;

7) өзгерістерді басқару шеңберіндегі мінез-құлық дағдылары: ішкі және сыртқы (ауызша, жазбаша, көрнекі) қарым-қатынастың жоғары деңгейі және тиімді тұлғааралық өзара іс-қимыл, келіссөздер жүргізу дағдылары;

8) мүмкіндігінше бизнес-менеджмент, экономика, қаржы немесе құқықтану саласында магистр немесе PhD дәрежесінің болуы;

9) мүмкіндігінше халықаралық аккредитациясы бар бағдарлама бойынша MBA дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы;

10) комплаенс саласында сертификаттың болуы қажет;

11) компьютерлік сауаттылық негіздерін еркін меңгеруі, орыс және қазақ тілдерін меңгеруі, ағылшын тілін сөйлесу деңгейінде білуі қажет.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда түйіндемені 2021 жылдың 2 наурызына дейін келесі электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ