АРБ Күрделі құрылыс басқармасының Смета бөлімінің жетекші инженері бос лауазымына орналасуға қайта конкурс жариялайды.

Барлық ниет білдірушілер төменде көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда «Samruk qyzmet» сайтында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бос жұмыс орындары» терезесінде тіркеліп, 25.10.2021 жылға дейін белгіленген үлгідегі түйіндемені толтыруы қажет.

Талаптар:

- жоғары кәсіби білімі (техникалық/энергетикалық) және жұмыс өтілі 1 жыл болуы тиіс;

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті бекіткен смета ісін, АВС-4РС сметаларын автоматты шығару бағдарламасын, экономика негіздерін, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы (бұдан әрі – ҚРҚН) мемлекеттік нормативтерін; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қызметтік құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібін білуі керек.

Функционалдық міндеттері:

1) менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жоспарларды, бағдарламаларды орындауға қатысады;

2) жобалау ұйымдары әзірлеген энергетикалық құрылыс объектілерін реконструкциялауға, салуға және кеңейтуге арналған сметалық құжаттаманы тексеруге қатысады;

3) өзінің тікелей бастығының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындайды;

4) есептік құжаттаманы жүргізеді;

5) бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкестігін растау бөлігінде ф-2В бойынша орындалған жұмыстар актілерін, КС-3 орындалған жұмыстар құнының анықтамасын тексеруді жүзеге асырады және бұрыштама қояды;

6) жоғары тұрған басшылықтың тапсырмасы бойынша хат алмасуды жүргізеді;

7) БМЖ талаптарына сәйкес стандарттарды сақтайды.