АРБ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: техникалық шарттар басқармасының техникалық шарттарды дайындау қызметінің бас маманы.

Талаптары:

1)

- жоғары кәсіби білімі және жұмыс өтілі 3 жыл;

- электр және тарату желілерінде жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс

2)

- «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;

- Электр қондырғыларының қауіпсіздік техникасы ережелерін (қатысты бөлігінде);

- Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін (қатысты бөлігінде);

- Электр қондырғыларын орнату ережелерін (қатысты бөлігінде);

- ҚР электр желілік ережелерін (қатысты бөлігінде);

- Электр энергиясын пайдалану ережелерін (қатысты бөлігінде);

- Энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмыс істеу қағидаларын (қатысты бөлігінде);

- қызметіне қатысты өзге де нормативтік-техникалық және нормативтік-құқықтық құжаттарды білуі тиіс.

3)

- кеңсе бағдарламалық пакетімен, Corel Draw, AutoCad, Техникалық құжаттамамен, Электрмен жабдықтаудың бір сызықты схемаларымен жұмыс істей білуі қажет.

Функционалдық міндеттері:

- қосалқы станцияны, су электр станциясын, газтурбиналық электр станциясын, күн электр станциясын және жел станциясын жобалауға және салуға техникалық шарттарды дайындау.

- релелік қорғау және автоматика құрылғыларына, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарына және үздіксіз қоректендіру көздеріне техникалық талаптарды қалыптастыру бөлігін ескере отырып, тұтынушыларды «АЖК» АҚ электр желісіне қосуға техникалық шарттарды дайындау және беру;

- энергия тұтынушыларын энергия жүйесіне қосуға, құрылыс аумағынан ТҚС, КЖ, ӘЖ шығаруға техникалық шарттарды дайындау;

- кернеуі 6 кВ және одан жоғары абоненттік қосалқы станцияларда қосымша трансформаторларды ауыстыруға және орнатуға техникалық шарттарды дайындау;

- электр энергиясының жаңа тұтынушыларын анықтауға байланысты бекітілген схемалардағы немесе жобалардағы өзгерістер туралы ұсыныстар дайындау;

- «АЖК» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкес стандарттарды сақтау;

- тұтынушылардың электр желілеріне қосылуына байланысты мәселелер бойынша шағымдарын қарау;

- «Модуль ТУ» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін техникалық шарттарды беру туралы өтініштердің толықтығы мен қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін қарау.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 15.07.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ