АРБ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының қоймалық есепке алу бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болған уақытына).

Талаптары:

1) жоғары кәсіби білімі және 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс; қоймада қойма есебін және құжат айналымын, бастапқы бухгалтерияны, іскерлік хат алмасуды жүргізу дағдысы болуы тиіс; дербес компьютерді меңгеру дәрежесі – тәжірибелі пайдаланушы.

2) Қазақстан Республикасының Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді перспективалық және ағымдағы жоспарлау әдістері мен тәртібін, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және қойма шаруашылығын ұйымдастыруды, өнімнің сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттарды, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасының негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу;

Функционалдық міндеттері:

1) менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі жоспарларды, бағдарламаларды орындауға қатысу;

2) Сандық есеп жүргізу, өңдеу және ТМҚ сатып алуға жататын барлық атаулар бойынша деректер базасын жүргізу;

3) жеткізу жағдайларындағы ауытқулар мен өзгерістерге жедел талдау жүргізуге міндетті;

4) ТМҚ жеткізуге жасалатын барлық шарттардың орындалуын есепке алуды жүзеге асыру;

5)  бөлім бастығына сандық көрсеткіштер бойынша да, қаржы қаражатының қозғалысы бойынша да барлық орындалған шарттар бойынша есептік деректерді дайындау;

6) Шартқа сәйкес «АЖК» АҚ қоймасына ТМҚ келіп түскен кіріс ордерін ресімдеу ТМҚ бойынша деректерді 1С бағдарламасына енгізу;

7) кедендік рәсімдер бойынша құжаттарды ресімдеу;

8) БМЖ бойынша құжаттаманы басқаруды және Бөлімдегі тәуекелдер бойынша БМЖ бойынша басқаруды жүзеге асыру;

9) қажет болған жағдайда бөлімнің басқа қызметкерлерінің міндеттерін орындау.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 30.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876. Альмира.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ