АРБ сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасының сенімділікті бақылау бөлімінің бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Талаптары:

жұмыс бейіні бойынша жоғары техникалық білімі, электр желілерінде кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі және электр қауіпсіздігі бойынша 5-тобы болуы; электр энергетикасы объектілеріндегі апаттарды және технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру дағдылары, сондай-ақ дербес компьютермен жұмыс істеу және нормативтік құқықтық актілерді (қағидаларды, нұсқаулықтарды) әзірлеу дағдылары болуы тиіс.

Функционалдық міндеттері:

1 - Электр энергетикасы объектілеріндегі апаттар мен технологиялық бұзушылықтарды тексеру дағдылары.

2 - АЖК АҚ бөлімшелеріндегі жабдықтарды пайдалану жағдайына комиссиялық тексеру жүргізуге қатысу.

3 – «АЖК» АҚ-да ай сайын өткізілетін Қауіпсіздік техникасы күндеріне қатысу.

4 - актілер-нұсқамалар бере отырып, жұмыс орындарын мерзімді жоспарлы және кенеттен тексеруді жүргізуге қатысу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

5 - тиісті құжаттаманы ресімдей отырып, технологиялық бұзушылықтарды, «АЖК» АҚ энергия объектілерінде болған жанудың және өрттің барлық жағдайларын тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру.

6 – «АЖК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің апатқа қарсы іс-шараларын күшейту, желілер жабдығы жұмысының сенімділігі мен үнемділігін арттыру, апаттық ошақтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын уақтылы және сапалы жасауын және орындауын бақылау.

7 - жүк көтергіш механизмдерді, көтергіштерді (мұнараларды) қолдана отырып жұмыстар жүргізетін, газбен дәнекерлеу жұмыстарын, сондай-ақ сұйытылған газды пайдалана отырып КЖ монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізетін бригадалардың жұмыс орындарына кенеттен тексеру жүргізу. (Жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді қолдана отырып, сұйытылған газды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге нарядты ресімдеу, жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді орнатудың дұрыстығы, газбен жұмыс істеу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қолдану және т.б.).

8 - Белгіленген мекенжайға технологиялық бұзушылықтарды тексеру актілерінің, жанудың және өрттің барлық жағдайларының және белгіленген нысан бойынша есептіліктің (жоғары вольтты желілер) уақтылы ұсынылуына, сондай-ақ «АЖК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінде технологиялық бұзушылықтар бойынша құжаттаманың ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 09.06.2021ж. дейін АРБ-ға №307 каб. берулерінізді сұраймыз. Туындаған сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 3761876, 3876.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ