АРБ  Басқарушы персоналды қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қойылатын талаптар:

1.Жоғары қаржы-экономикалық немесе заңгерлік білімі болуы тиіс;

2.Басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Функционалдық міндеттері:

Қоғам қызметінің төменде көрсетілген бағыттары бойынша жұмыстардың, құжат айналымы мен есептіліктің сапасы мен уақтылығына бақылауды жүзеге асырады, басқарады:

- заңнамамен, Қоғамның басқару органдарының жарғысымен және шешімдерімен белгіленген тәртіпте Қоғамның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

- жетекшілік ететін бөлімшелерде еңбекті қорғау және өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау жөніндегі ережелердің, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтау бойынша жұмысқа ұйымдастырушылық-техникалық басшылық жасау;

- Қоғамды материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

- Қоғам сатып алатын тауарлар мен қызметтердің оңтайлы құнын анықтау мақсатында, Қоғамда бірыңғай маркетингтік саясатты әзірлеу және жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру;

- жобалау институттарымен, мердігерлік ұйымдармен, тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді жеткізушілермен, мемлекеттік ұйымдармен және кәсіпорындармен лауазымдық өкілеттілік шегінде өзара қарым-қатынаста Қоғам мүдделерін білдіру;

- толық материалдық жауапкершілігі бар қызметкерлердің лауазымдарын және ТМҚ алуға құқығы бар қызметкерлердің лауазымдарын айқындау;

- көрсетілген қызметтердің ТМҚ-сын қабылдау жөніндегі комиссияларды құру;

- "АЖК" АҚ СД-мен бекітілген мақсатты мәндері бар КПД картасына сәйкес КПД көрсеткіштері үшін дербес жауапты болады.

Барлық ниет білдірушілер көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда белгіленген үлгідегі түйіндемені толтырып, 22.05.2021 ж. дейін №307 каб. АРБ-ға берулеріңізді сұраймыз.

Туындаған сұрақтар бойынша  376-18-76, ішкі тел. 38-76 нөмірлеріне қоңырау соғуға болады.

ТҮЙІНДЕМЕ ҮЛГІСІН ЖҮКТЕУ