Күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директор

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1) жоғары кәсіптік (техникалық) білімінің болуы;

2) Күрделі құрылыс саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы керек.

3) Білуі керек:

- объектілерді жобалау және салу бойынша басшылық әдістемелік және нормативтік материалдарды;

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бекіткен Қазақстан Республикасының Қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерін (бұдан әрі - ҚР ҚН);

- еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын;

- дербес компьютер мен ұйымдастыру техникасын меңгеруі;

--ISO9001; ISO14001; OHSAS 18001; ISO 50001 халықаралық стандарттарды.