Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Жыл сайын, 28 сәуірде Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасы бойынша бүкіл әлемдегі жұмыс орындарында жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі.

Бұл мерекені «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ энергетиктері де айрықша атап өтті. Басқарма Төрағасы Асылов Абай Ноғайұлының тапсырмасымен компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттану мәселелерінінің алдын алу мақсатында семинарлар өткізіліп, «Еңбекті қорғауға «Иә» деп айт» тақырыбында үздік әлеуметтік бейнероликке конкурс ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында еңбекті қорғау саласында үздік деп танылған 32 жұмыскер Басқарма Төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, арнайы құрылған комиссия мүшелері көрсетілген видеороликтерді тамашалап, өз бағасын берді. Қорытынды бойынша бірінші орынды Қарасай электр тораптар ауданы, 2 орынды Ұйғыр электр тораптар ауданы алса, үшінші орынға Есік және Шелек электр тораптар ауданы лайық деп танылды. Компания басшысы Абай Ноғайұлы жеңімпаздарды құттықтап, ақшалай сыйлықпен марапаттады. Сонымен қатар, барша қатысушыларға алғысын білдірді.