Астанада «Еңбек жолы» байқауының қорытындысы бойынша ресми марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, бірінші вице-министр Ақмәди Сарбасов, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Қазақстан еңбек конфедерациясы Генеральный секретарының орынбасары Бақыт Қаппаров, сондай-ақ облыстық байқаулардың жеңімпаздары, оның ішінде Алматы қаласы бойынша 1 орын алған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ релелік қорғаныс және автоматика басқармасының инженері Айдос Серікбол.

Серікбол Айдос Серікқанұлы 2019 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін бітіріп, 2021 жылы магистр дәрежесін алды. 2019 жылы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на 3-разрядты релелік қорғаныс және автоматика электр монтері болып жұмысқа қабылданды. 2020 жылы 4-разрядты релелік қорғаныс және автоматика электр монтері қызметіне ауыстырылды. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін релелік қорғаныс және автоматика инженері болып жұмыс істейді.

Биылғы жылы 500-ден астам қатысушы жыл сайынғы байқаудың үш аталымы – «Үздік еңбек әулеті», «Еңбекші жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» бойынша бақ сынады.

Марапаттау рәсімі алдында ашық пікірталас отырысы өтіп, оның барысында «Қазақстанның Еңбек ері» атағының иегерлері Серік Ақшолақов, Аякүл Миразова, Рысат Әміренов жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанның әр өңірінен келген жастардың сауалдарына жауап берді.

Тамара Дүйсенова еңбек ардагерлері Жанаргүл Мағұлова, Қабдулман Имамбеков және Күнімбала Баяхметбаеваға «Еңбек ардагері» медальдарын табыс етті.

«Үздік еңбек әулеті» номинациясында Абай ауданынан Тукубаевтар әулеті жеңімпаз деп танылды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген Ковалевтар әулеті алса, үшінші орынды Ұлытау өңірінен келген Бекмағанбетовтер әулеті иеленді.

Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері болып алматылық Людмила Хвостова танылса, екінші және үшінші орындарды Қарағанды облысынан Ерғазы Тұрлыбеков пен Атырау облысынан Жұмабай Абдулов иеленді.

Үздік жас өндіріс қызметкерлері: Павлодар облысынан Наурызбек Дәкен (бірінші орын), Алматы облысынан Сұлтан Әукен (екінші орын) және Ақмола облысынан Нұрқасым Байшуақов (үшінші орын) атанды.

img-20221221-wa0004.jpg

Т.Дуйсенова министрімен

img-20221221-wa0005.jpg

А.Сарбасов бірінші вице-министрмен