Тарифтер

16.03.2024

2023 жылғы қорытындылар бойынша реттелетін қызмет – электр энергиясын беру бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (мәтін бойынша – «АЖК» АҚ) қызметінің тиімділік көрсеткіштерінің жетістіктері туралы есептің Ақпараты

13.03.2024

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ресми сайтында 14.03.2024 жылғы сағат  15:00 минутта тұтынушылардың және басқа мүдделі тұлғалардың алдында бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы 2023 жылғы қорытындылар бойынша есепті жария тыңдау өткізу туралы ағымдағы жылдың 14 ақпанындағы хабарландыруға қосымша, қатысу үшін сілтеме жібереміз:   

Присоединиться к собранию

Жиналыс сәйкестендіргіші:   431 721 839 901

Құпия код: DLLrPg

Қосылу үшін Сізге мыналарды жасау қажет: 

  • Телефон\планшет арқылы Microsoft Teams платформасын жүктеу және қатысу үшін сілтемеге өту;
  • Компьютер арқылы веб-камераңыз  немесе   микрофон\құлаққап болуы және сілтемеге өту (веб-қосымшаға қосылуды таңдаңыз). 

05.03.2024

Бекітілген тарифтың, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы, реттелетін қызметтер сапасының және сенімділігінің көрсеткіштерін сақтау және 2023 жылғы қорытындыларға сәйкес реттелетін қызметтер - электр энергиясын беру бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептің ақпараты

14.02.2024

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және 2023 жылдың қорытындылары бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептің жария тыңдау нысанында өткізілетіні туралы хабардар етеді.

Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері: «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, заңды мекенжайы: Алматы қ., Манас к-сі, 24б;

Есепті өткізу күні мен орны: 14 наурыз 2024 ж., сағат 15:00-де, Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 6 (акт залы), анықтама үшін байланыс нөмірі: + 7 727 376-19-41;

Реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі: электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер.

Есепті тыңдау офлайн және онлайн форматта өткізіледі. Бейнеконференцияға қосылу сілтемесі (Zoom/Skype/Microsoft Teams платформасында) жария тыңдаулар өткізілетін күні сағат 10:00-ге дейін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ресми сайтында «Тарифтер» бөлімінде орналастырылады (https://www.azhk.kz/).