«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері мен жастары алдағы жексенбі, яғни 20 қараша күні өтетін саяси науқанды қолдайтынын жеткізді. Олардың айтуынша, ҚР ПРезиденті сайлауы Қазақ елі тарихындағы маңызды белес болмақ. Бұл ұлтымыздың шынайы өзгерістерге, жаңашылдыққа қадам басқандығын көрсетеді. Сондықтан ұлт болашағы үшін ұйымшылдық таныту маңызды.

«Сайлау – бүгінімізді саралап, болашағымызды бағалап, келешегіміщді кемелдейтін тарихи сәт. Оған еліміздің әр азаматы үлкен жауапкершілікпен қарап, өз таңдауын жасауы тиіс. Мемлекетіміздің дамуы, еліміздің өсіп-өркендеуі үшін әр азаматтың дауыс беруі маңызды. Бұл ел тағдырын шешетұғын саяси науқан. Сондықтан қалыс қалмауымыз керек. Сонда ғана біз әділ сайлауға қол жеткізіп, жаңа Қазақстанды бірге құратын боламыз», - деді алматылық жас энергетиктер. Бірлігі жарасқан, тірлігі қыр асқан компания қызметкерлері сол күні бірауыздан сайлау учаскесіне барып, дауыс беретіндерін жеткізді. Туған жер – аманат. Болашақты ойла азамат!

whatsapp_image_2022-11-18_at_15.43.51_2.jpeg
whatsapp_image_2022-11-18_at_15.43.51_3.jpeg
whatsapp_image_2022-11-18_at_15.43.51_1.jpeg
whatsapp_image_2022-11-18_at_15.43.51.jpeg