ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді тұлғалары «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлерімен кездесті. Жиынға Алматы қалалық қоғамдық штабының жетекшісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, ҚР Президенттігіне Кандидат Қ.Тоқаевтың қалалық Республикалық қоғамдық штабының мүшесі, партияның АҚФ жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» Қоғамдық кеңесінің төрайымы Сүлейменова Қаракөз Асқарқызы мен Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Бостандық аудандық қоғамдық штабының мүшесі Сауранбаев Ералы Болатұлы бастаған азаматтар және «АЖК» АҚ ұжымы қатысты. Іс-шара барысында үгіт-насихат тобының мүшелері үміткердің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қоғамдағы өзекті мәселелер мен сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде бағдарламада халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға басымдық берілгені кеңінен сөз болды. Өз кезегінде алматылық энергетиктер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілеріне қолдау білдіріп, өздерінің азаматтық ұстанымын танытып, алдағы сайлауға белсенді қатысуға уәде берді.

whatsapp_image_2022-11-15_at_17.02.14_3.jpeg
whatsapp_image_2022-11-15_at_17.02.14_2.jpeg
whatsapp_image_2022-11-15_at_17.02.14_1.jpeg
whatsapp_image_2022-11-15_at_17.02.14.jpeg
whatsapp_image_2022-11-15_at_17.02.14_5.jpeg
whatsapp_image_2022-11-15_at_17.02.14_4.jpeg