Басқосуға компания басшылары мен қызметкерлері қатысты. Ал шалғай аудандардағы электр тораптарының  мамандары жиынға онлайн форматта қосылып отырды. Алдымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Абай Асылов сөз алып, Президент Жолдауында айтылған елдегі өзекті мәселелердің шешу жолдарын айқындайтын негізгі бағыттарына тоқталды.

Қазақстан халқы  ел Президентімен бір бағытқа қарай және бәріміз бір мақсатқа қарай ілгерілеп келе жатқанымызды және өз кезегінде әлемнің ең дамыған елдерінің қатарынан орын алу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырысатынымызды атап өту маңызды.

Мемлекет басшысының өзі басымдық беру керек деп электр энергиясы саласына ерекше тоқталды. Бүгінгі таңда бұл саланы дамыту үшін келелі жобаларды қолға алып, аянбай еңбек етуіміз керек. Өйткені желілердің тозуы жалпы көлемнің үштен екісін құрап отыр. Ал желілердің ескіруінің алдын алу үшін жүйелі жұмыстарды қолға алатын боламыз.

Ел Президентінің сөзімен айтқанда: «Қазақстанның болашағы бүгіннен – біздің сөздерімізден,  істерімізден, ниеттерімізден және іс-әрекеттерімізден басталады» – деді басқарма төрағасы. Өз кезегі келгенде басқарушы директорлар, басқарма басшылары мен компанияның жастары өз ойларын ортаға салды. Әрине, мұндай пікірталастар мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға қатысты жобаланатын жоспарлар құруға өз көмегін тигізетіні анық.

Жиын соңында компания басшысы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: "Біз әрқайсымыз бірлікті жан-жақты нығайтып, әділеттілік қағидаттарын берік ұстанатын күшті және табысты ұлт боламыз», - деген сөзімен аяқтады.

whatsapp_image_2022-09-09_at_12.46.21.jpeg
whatsapp_image_2022-09-09_at_12.46.08.jpeg
whatsapp_image_2022-09-09_at_12.46.01.jpeg
whatsapp_image_2022-09-09_at_12.47.49.jpeg
whatsapp_image_2022-09-09_at_12.47.21.jpeg
whatsapp_image_2022-09-09_at_12.46.43.jpeg