Қарасай ауданына қарасты 220 кВ «Қаскелең» қосалқы стансасы 110 кВ АҚБ-ға жалғанып, 110/10 кВ «Көкөзек» қосалқы стансасының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, қолданыстағы №5А, №17А, №132А қосалқы стансаларындағы жүктеме бөлігі жаңадан салынған 110/10-10кВ №163А «Отырар» қосалқы стансасына көшіріледі. Алматы облысына қарасты Өтеген батыр, Қарасай, Талғар электр тарату тораптарында 10/0,4 кВ электр желілерін қайта жүргізу жұмыстары қолға алынды.Бұдан өзге де атқарылатын жұмыстар тізбегі көп. Аталған жобалар 2021-2025 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатыр.

Жуырда «Алатау Жарық Компаниясында» аталған Инвестициялық бағдарламалардың орындалуына байланысты кезекті баспасөз жиыны өтті. Шараға ҚРЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшылығы, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Көшпелі жиынға қатысушылар жаңартылған электр нысандарын аралап, «АЖК» АҚ құрылысқа қатысты қызметкерлерінің атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады. Айта кетерлік, жобада көзделген 6 кВ кабель желілердің ұзындығы 55490 м құрайды, ал жоба бойынша ауыстырылатын кабельдердің жалпы ұзындығы 159,8 км. Аталған жобаны іске асыру желілердің тоқ өткізу қабілетін көтеруге, электр қуатын беруге кететін техникалық шығындарды азайтуға, желідегі кернеудің сапасын арттыруға, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін нығайтуға мүмкіндік береді.

whatsapp_image_2022-09-08_at_13.13.26_1.jpeg
whatsapp_image_2022-09-08_at_13.13.25.jpeg
whatsapp_image_2022-09-08_at_13.13.25_1.jpeg
whatsapp_image_2022-09-08_at_13.13.27.jpeg
whatsapp_image_2022-09-08_at_13.13.26.jpeg