Алматы қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында өңірлік іріктеуден VII Спартакиада ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар спорттың сегіз түрінен (шағын футбол, волейбол, стритбол, арқан тарту, шахмат, үстел тенисі, тоғызқұмалақ, армрестлинг) бақтарын сынады. Дүбірлі додада «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлерінен құралған команда топ жарып, қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық сынға жолдама алды. «АЖК» АҚ Басқарма төрағасы Абай Ноғайұлы Асылов алматылық энергетиктердің намысын жоғары дәрежеде қорғаған әріптестерін толағай жеңістерімен құттықтады.

Жеңісті және жемісті күндер көп болсын! «АЖК» АҚ алға!

whatsapp_image_2022-08-23_at_07.55.08_1.jpeg whatsapp_image_2022-08-23_at_07.55.07_1.jpeg whatsapp_image_2022-08-23_at_07.55.10.jpeg whatsapp_image_2022-08-23_at_07.55.10_1.jpeg whatsapp_image_2022-08-23_at_07.55.09.jpeg whatsapp_image_2022-08-23_at_07.55.09_1.jpeg whatsapp_image_2022-08-23_at_07.55.08.jpeg whatsapp_image_2022-08-23_at_07.55.07.jpeg