Бүгін «Алатау Жарық Компаниясында» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын түсіндіру мақсатында жиын өтті. Басқосуға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобының инспекторы Супугалиев Рашид Болатұлы, “У.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электростанциясы” акционерлік қоғамы басшылығы мен қызметкерлері және «АЖК» АҚ ұжымы қатысты. Кездесуде жұмыс барысында жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жол бермеу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жемқорлыққа қатысты қолданылатын жазаның қатаңдатылғаны айтылды. Әсіресе сотталған парақорларға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылғаны тілге тиек етілді. Айта кетерлік, шараны ұйымдастыруға аталған компаниялардың комплаенс офицерлері мұрындық болып, арнайы дайындалған бейнематериал көрсетілді. Жиында компания қызметкерлері де өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап өтетін жалпыға бірдей декларациялауға қатысты сауалдар қойылып, басшылық тарапынан тұщымды жауаптар алынды.

 

whatsapp_image_2022-08-22_at_18.02.29_1.jpeg whatsapp_image_2022-08-22_at_18.02.28.jpeg whatsapp_image_2022-08-22_at_18.02.28_1.jpeg whatsapp_image_2022-08-22_at_18.02.27.jpeg whatsapp_image_2022-08-22_at_18.02.30.jpeg whatsapp_image_2022-08-22_at_18.02.29.jpeg