Бас қосуға компания басшылығы мен  қызметкерлері қатысты. «Самұрық-Қазына» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов жүргізіп, қорда құрылған қызметтің қыр- сырына  тоқталып, атқарылған жұмыстар туралы  ақпаратпен бөлісті. «Барлық портфельдік компаниялар мен олардың еншілес ұйымдарында комплаенс-сервис  қызметі құрылғанын жеткізді. Бүгінгі күні компаниялар тобында 77 тәуелсіз комплаенс қызметі мен 44 бөлімше бар екендігін, оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес функцияларын орындау жүктелгеніне ерекше тоқталды. 
Тоқтала кету керек, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның барлық қызметкерлері жыл сайын ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын білуге қатысты арнайы тестілеуден өтеді. Бұған қоса, компания қызметкерлері үшін тренингтер, жадынамалар, презентациялар өткізіліп тұрады.
Компленс қызметі компания жұмысының жаңа өзгерістерге қарай бет алуына және ашықтықты сақтауына жаңа мүмкіндіктер береді.
 
image-27-06-22-12-24-2.jpg
image-27-06-22-12-24-3.jpg
image-27-06-22-12-24-1.jpg
image-27-06-22-12-24.jpg
image-27-06-22-12-24-5.jpg
image-27-06-22-12-24-4.jpg