5 маусым күні Мемлекеттік қуыршақ театрында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлерінің балаларына арналған ерекше кеш өтті. Шарада театр әртістері бүлдіршіндерге арнап  түрлі ойындар ұйымдастырып, ертегі әлеміне жетелейтін қойылымдар сахналады. Сайқымазақтардың қызықты  шоу бағдарламалары балдырғандардың көңілін көтеріп, ұшқыр ойларын қияға жетеледі. Әртістердің қызықты қимылдарын бірге қайталаған кішкентайлар қыран-топан күлкіге батты. Балалар ашық аспан, нұрын шашқан күн мен қырдағы жайқалған гүлдердің  суретін салып, сүйікті кейіпкерлерінің образын ақ қағаз бетіне түсірді.  Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы осылайша балаларға нағыз мереке сыйлады.  Айта кетерлік, шараны ұйымдастыруға «Серіктес» кәсіподағы мұрындық болды.

image-07-06-22-09-46.jpeg image-07-06-22-09-46-1.jpeg image-07-06-22-09-46-2.jpeg image-07-06-22-09-46-4.jpeg image-07-06-22-09-46-3.jpeg