«АЖК» АҚ қызметкерлері арасында бильярдтан өткен турнир мәресіне жетті. Тастаяқ ойынын тас қылып меңгерген энергетиктер тартысты ойын көрсетті. Жарыс бірнеше турдан тұрды және соңына дейін кімнің жеңімпаз атанатынын анықтау оңай болмады.

Сенімді соққы, шыр айналған шарлар, қырағылық пен нық қадамдар. Компания қызметкерлерінің спортқа деген құлшынысы финал аяқталғанша бәсеңдемеді. Турнир барысында «Алатау Жарық Компаниясында» энергетика саласының майталмандары ғана емес, бильярд ойнының шеберлері, «кілең сен тұр, мен атайын» деген мықтылар қызмет ететіні белгілі болды. Олардың соққан шарлары ұяға дәл даритыны жиналған жұртты тәнті етті. Додада Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасының басшысы Болат Бисенов турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды Жамбыл аудандық электр торабының басшысы Аян Әбіке иеленсе, үшінші тұғырға Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Дмитрий Дыбов көтерілді. Сонымен қатар, арнайы номинациялар да берілді. Анарбек Дәулетбаев «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» естелік сыйлығымен марапатталды.

image-30-05-22-12-23.jpeg
image-30-05-22-12-23-4.jpeg
image-30-05-22-12-23-3.jpeg
image-30-05-22-12-23-2.jpeg
image-30-05-22-12-23-1.jpeg