Жазғы демалыстың басталуына байланысты, балалардың бос уақыты көбейеді. Өкінішке орай, осы кездері балалардың жарақат алуы, соның ішінде электр тоғынан жарақаттануы жиілейді.

Тұрғындық аудандардың, мектептердің, балабақшалардың аумағында балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін трансформаторлық қосалқы станциялар (ТҚС) немесе бөлу пункттері (БП) болады.

ТҚС мен БП есіктерінің арнайы құлыптармен жабылатынына қарамастан, көп жағдайларда оларды түсті метал сынықтарын ұрлау мақсатымен немесе бұзақылық пиғылмен бөгде адамдар бұзып тастайды. Халықтың көмегінсіз бұзылған құлыптарды дер кезінде байқау - қызмет көрсететін персонал үшін қиынға түседі.

Балалардың электр тоғына түсу жағдайларын болдырмау үшін, сіздерден өтініш, электр қондырғылардың құлыптарының сынғаны және есігінің ашық тұрғаны туралы, сымдардың үзілгені және сымдарға ілінген заттар туралы электр құрылғылардың есігінде көрсетілген нөмір бойынша диспетчерлік электр тораптары пунктеріне дер кезінде хабарлаңыздар. Электр қондырғылардың жанында ойнап жүрген балаларды байқаған жағдайда, оларды қауіпті аймақтан шығарудың шұғыл шараларын қолдану қажет.

Бұдан өзге, балаларға электр тоғынан жарақат алудың қауіптілігін түсіндіруді сұраймыз, оларға тыйым салатын ескерту және қауіпсіздік белгілерін көрсетіп, оның мәнін түсіндіру керек.

Балаларға түсіндіріңіздер, мыналарға ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

- электр қондырғыларға кіруге, электр шкафтарының, жинақтамалар, қалқаншалар есіктерін ашуға;

- электр жеткізу желілерінің астында ойнауға, ойнау үшін кернеуде тұрған электр құрылғылар мен жабдықтарға жақын орынды пайдалануға;

- әуелік электр жеткізу желілерінің тіректеріне шығуға, тіректердегі оқшаулағыштарды сындыруға;

- үзілген, салбырап тұрған немесе жерде жатқан сымға 80-10 метрге дейін қашықтыққа жақындауға;

- ағаштарға, үй және құрылыс шатырларына, сатыға шығып, сымдарға 1,5 метрге дейін жақындауға;

- әуелік электр жеткізу желілердің сымдарына әр түрлі заттарды лақтыруға, әуеге ұшыратын ойыншықтарды ұшыруға;

- әуелік электр жеткізу желілерінің тіректері астына от жағуға (кепкен шөптерді, жапырақтарды, қамысты өртеуге);

- үлкендердің рұқсатынсыз электр асапаптарын пайдалануға, электр аспаптарын бөлшектеуге;

- су қолмен электр аспаптарының сымдарын ұстауға, сымдарды тартуға, розеткаға бөгде заттарды сұғуға.

Есте сақтаңыздар! Электрмен жарақаттанудың салдары мейілінше қауіпті және көбнесе басқа жарақаттануға қарағанда өлімге және ауыр жағдайларға алып келеді. Электр бізге мейірімді дос және көмекші болғанымен, оған немқұрайды қарау оны мейірімсіз жауға айналдырып, түзелмейтін қайғы-қасіретке себеп болады.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

Сенімділікті бақылау және еңбек қорғау басқармасы