«Еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке». 28-сәуір – Дүниежүзілік  еңбекті қорғау күні. Осыған орай «Алатау Жарық Компаниясында» «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Шараны ұйымдастыруға «Самұрық-Энерго» АҚ мұрындық болды. 
Жиында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша видеоүндеулер көрсетіліп, оның адам өмірі мен денсаулығына маңызы түсіндірілді. Мақсат – компания қызметкерлерінің  қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету,  Ұлы дала ұрпақтарының амандығын сақтау. Сондай-ақ шарада «Серіктес» кәсіподағы  «АЖК» АҚ қызметкерлерінің балалары мен немерелері арасында сурет салу байқауын ұйымдастырды. Байқау жеңімпаздары алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
image-28-04-22-01-37.jpeg
image-28-04-22-01-37-1.jpeg
image-28-04-22-01-37-9.jpeg
image-28-04-22-01-37-8.jpeg
image-28-04-22-01-37-7.jpeg
image-28-04-22-01-37-6.jpeg
image-28-04-22-01-37-5.jpeg
image-28-04-22-01-37-4.jpeg
image-28-04-22-01-37-3.jpeg
image-28-04-22-01-37-2.jpeg