«АЖК» АҚ бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және реттеліп көрсетілетін қызмет  - электр энергиясын беру бойынша 2021 жылғы қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептің жария тыңдауларын өткізді. Тыңдауларға ҚР ҰЭМ Алматы қаласы бойынша табиғи монополиялар Департаментінің, Алматы Кәсіпкерлер Қауымдастығының, Алматы қаласы пәтер иелері кооперативтері қауымдастығының, Құрылыс материалдары өнеркәсібі қауымдастығының өкілдері, сарапшылар, қызметтерді тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Осы тыңдауларда келесі ақпарат ұсынылды:

1) «АЖК» АҚ туралы жалпы ақпарат;

2) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы;

3) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша бекітілген тарифтік сметаны бап-бабы бойынша орындау туралы;

4) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы;

5) табиғи монополия субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы;

6) "АЖК" АҚ қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;

7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;

8) реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы;

9) қызметтің перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы.

fdsfsecfvw34fvsdfv_1.jpeg
fdsfsecfvw34fvsdfv_3.jpeg
fdsfsecfvw34fvsdfv_2.jpeg