whatsapp_image_2022-04-05_at_15.21.06.jpeg

«Самрұқ-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 1 сәуірдегі шешіміне сәйкес (хаттама № 03/22) 4 сәуірден бастап «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы болып Асылов Абай Ноғайұлы тағайындалды.

Абай Ноғайұлы 1968 жылы дүниеге келген.

Үш жоғары білімі бар. 1998 жылы Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін заң факультетінде «юристпруденция», 2004 жылы Агротехникалық университетте «инженер-механик», 2014ж. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетінде «электроэнергетика» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған.

Осы жылдар ішінде мемлекеттік құрылымдарда және білім беру саласында жауапты қызметтер атқарған.

«Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ- да лауазымды қызметтер атқарып, « АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-де Бас директор болып жұмыс істеген.

Кейінгі бірнеше жылда «О.Д.Қантаев атындағы «Мойнақ су электрстанциясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы – Директорлар Кеңесінің Мүшесі қызметінде болды.