2021 жылдың 27 қарашасы мен 1 желтоқсанында «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы қызметкерлері арасында Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсанның 35 жылдығына орай бильярд турнирін өткізді.

Турниріміздің қонағы, бильярд ойынының екі дүркін әлем чемпионы Ернар Чимбаев қатысушыларға сәттілік және халықты электр энергиясымен қамтамасыз етудегі жұмыста табыс тіледі.

sdfv2tvb34gbsdfvsdn45h_2.jpeg

Бильярд ойыны адамның тактикалық және стратегиялық ойлау қабілетін, көз бен реакцияны, эмоцияларымызды басқаруды дамытатын ойын екені көпке мәлім. Ойынның түрлері көп. Біздің бильярдистеріміздің таңдауы көпшілікке танымал орыс бильярды «Мәскеу пирамидасы» болды. Екі күн бойы бильярдистеріміз тамаша ойын көрсеткіштерін көрсетті. Нәтижесі, 2021 жылдың мықты бильярдистері атанған: Бисенов Булат Смагулович -Сенімділікті бақылау және Еңбекті қорғау бойынша басқару бастығы 1-ші орынды иеленсе, 2-ші орынды Диагностика басқарма бастығы Туртбаев Болатхан Каипжанович, 3-ші орынды Жамбыл электр тарату ауданы бастығы Абике Аян Абикеұлы иеленді.                                                                                                                                                      

sdfv2tvb34gbsdfvsdn45h_1.jpeg

Турнир жеңімпаздары мақтау қағаздарымен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.