dfsvg4evc23fveasfv_2.jpg

Құрметті, әріптестер! Ер есімі – ел есінде. Өткенге көз жүгіртпей, келешекке жоспар жасау мүмкін емес. Ендеше Жеңіс күнінің 76 жылдығы қарсаңында Талғат Бигелдиновтың ерлігін еске алуды жөн көрдік. Сол кездегі Жоғарғы Қолбасшы Сталиннің бұйрығы бойынша әуеге сексен мәрте көтеріліп, жауынгерлік тапсырманы адал орындаған ұшқышқа Батыр атағы берілетін. Ал 305 мәрте әуеге көтерілген Талғат атаның жасаған ерліктерін ТМД елдеріндегі азаматтар жатқа айтар. Ал бүгінгі Алматы, Астана, Қызылорда, Өскемен, Балқаш қалаларындағы әуежайлар Талғат Бигелдиновтың арқасында салынғанын біреу білсе, біреу білмейді. Сондай-ақ, Алматы қаласындағы Республика сарайы, Қазақ циркінің салынуына да Кеңес Одағының екі дүркін Батыры Талғат Бигелдинов ұйытқы болған. Халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы елінің дамуына осылай сүбелі үлес қосты.

Батырды көкке көтерген ауыр ұшақты «Горбатый» деп атаған еді.  Өйткені, ұшақ бүкір болатын. Бұл ұшақ жаудың маңызды орындарын жоюға арналған. Батырдың мына бір оқиғасына тоқталсақ. Жауынгерлік тапсырманы орындап қайтып келе жатқанда алдынан кенет жаудың жойғыш ұшағы пайда бола кетеді. Бір-біріне қарама қарсы ұшып келеді. Ара қашықтық жақындаған кезде ұшқыш Талғат бірден бұрылып кетіп, жау  ұшағының артына түсіп алып, атқылайды. Әлгі, неміс ұшағы жеңіл, түрлі маневрді тез жасайды. Көктегі күрес біразға созылады. Бір кезде көздеп атқан оғы жау ұшағына тиіп, қарсылас соңына қара түтін қалдырып, төмен қарай құлдилай жөнеледі. Алайда, байқамай өзіміздің ұшақты құлатып алған жоқпын ба деген ой сап ете қалды да тексеруге кіріседі. Жоқ жаудың ұшағы екен. Осыдан кейін біздің эскадрилья тұрған жерге қайтады. Бұл кезде аспанда өткен екі ұшақтың шайқасын бақылап жатқан Совет әскері Батырды құшақтап, төбелеріне көтереді. Біраздан кейін, штабтың шақыртуымен сонда барады. Әрине, қуаныштан көрі, қоқынышы басым Талғат Бигелдиновты штабқа кірісімен командирі: «Жолдас Бигелдинов! Сен жаңа әдіс ойлап таптың. Мұндай ауыр ұшақпен бұрын-соңды жау ұшағын атып түсірген ешкім болған жоқ. Оның үстіне осыған дейін жаудың ең мықты ұшқышын атып түсіру тарихта бұрын-соңды болып көрген емес», -деген кезде барып, қаршадай ғана ұшқыштың кеудесін мақтаныш сезімі кернейді. Дәл осы ерлігі үшін ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордені берілді.